Менің көрсететін қызметтерім

Интернет арқылы өз бизнесіңізді бастағыңыз келсе, мен сізге оп-оңай көмектесе аламын. Сондай-ақ әлеуметтік желілер, контексті жарнама бойынша тапсырыстар қабылдап, интернет маркетинг арқылы кәсібіңізді одан әрі дөңгелетуді қалайтын болсаңыз, тағы да маған хабарласыңыз. Мен сізге барлығын ұғынықты тілде түсіндіріп беремін.

Менің жасаған сайттарым

Бұл интернет-жобалардың барлығы менің қолымнан шыққан дүниелер

http://altynkuryk.kz/

Altynkuryk.kz — Дорожно-строительная компания

moib.kz Мангистауская областная инфекционная больница

Moib.kz — Маңғыстау облыстық инфекция ауруханасы

screenshot_705

Epub.kz — Қазақша электронды кітаптар сайты

altynbesik.kz

Altynbesik.kz — Ақтау қалалық балабақшасы

screenshot_702

Kazakia.kz — жаңалықтар сайты

screenshot_703

Құлыншақ — балабақша сайты

Дәмді әлем - damdialem.kz аспаздық сайты

Дәмді әлем — аспаздық сайты

turkaz

TurKazConstruction.com — Құрылыс компаниясы

Менің өзгелерден айырмашылығым

Неліктен мен сіздің жұмысыңызды жасау керекпін?

Толыққанды консультация

Тек сайт жасатып қоймай, оны қалай пайдалану, дамыту, өркендетуге болатыны туралы жан-жақты консультация аласыз.

Сайтыңыз әмбебап болады

Яғни, сайтыңыз компьютер арқылы ғана емес, ұялы телефон, планшет және басқа да құрылғылардан әдемі көрінеді.

Сайтты өзіңіз игере аласыз

Сайтыңызды толықтай иелігіңізге алып, кез-келген өзгерістер мен жаңалықтарды, қосымша мәліметтерді енгізе алатын боласыз.

24/7 техникалық қолдау

Жылына 365 күн, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы мен сізге техникалық және консултациялық қызмет көрсете аламын!

timur bektur сайт жасау

Тимур және оның командасы

Менің сенімді серіктестерім

timurb

Тимур Бектұр

Директор

Менің клиенттерге қатысты ұстанымым: win-win, яғни сізге де пайда, маған да пайда.

995067_683883198353243_1091876355014291545_n

Еркебұлан Баделов

Атырау филиалы

Атырау өңіріндегі барша кәсіп иелерін бізбен жұмыстас болуға шақырамын

906076_1124326104250974_4388996759504635768_o

Абылай Әділханов

Дизайнер-бағдарламашы

Түн — жұмыс жасайтын, ешкім мазаламайтын, күндіз — демалып алуға болатын уақыт.

Маған жиі қойылатын кейбір сұрақтар

Интернет-сайт жасату - маңызды қадам. Сондықтан, әдетте, клиенттер маған неше түрлі сұрақтар қояды. Әрине, мен олардың барлығына ұғынықты жауап беремін

Сайт жасау туралы әңгіме қозғалған бойда клиент өзіне қандай сайт қажет екенін нақтылап алуы керек. Сайт визитка ма, интернет дүкен бе, әлде жаңалықтар сайты ма, бәлкім лендинг пейдж қажет болар? Егер клиент бұл сұрақтарға жауап таба алмаса, онда маған сайт не жөнінде болатыны туралы толыққанды түсінік беруі керек. Сол кезде ғана мен оған өзімнің ойымды айта аламын.

Әдетте, сайт кімдерге арналған, ұсынылатын өнім һәм қызмет түрі, сайт қаншалықты жиі жаңаруы керек, клиенттің өзінің жеке талғамдары туралы сұрақ қоямын.

Осыдан соң екеуара келісім бойынша сайттың дизайны жасалып, ұсынылады. Егер клиент өзгерістер мен толықтырулар қаласа, ол өтініш қанағаттандырылады. Осы этаптардың бірінде сайттағы контент, яғни сайтқа орналастырылатын мәтіндер мен суреттер, видеолар мен басқа да ақпараттар қажет болады. Кейін барып, сайтты бағдарламалық кодтау жүзеге асады. Артынша, клиент мақұлдаған немесе алдын-ала сатылып алынған доменге жасалған сайт орналастырылып, интернет арқылы сайттың жұмысы көрсетіледі.

Бұл — жобамен көрсетілген сайт жасау процесі.

Ең жиі қойылатын және ең қиын сұрақтардың бірі. Өйткені, барлығы клиентке тікелей тәуелді. Егер клиент өзіне не қажет екенін нақты түсіндіре, айта алса, қажетті контент мәліметтерді уақытында ұсына білсе, сондай-ақ сайт жасалу барысына мықтап көңіл бөлсе, әдетте максимум бір айда бітеді. Бірақ, арқаны кеңге салып бітіру үшін тағы жарты ау уақыт қосуға болады.

Ең жиі қойылатын және ең қиын сұрақтардың бірегейі. Өйткені, сайт жасау ақысы сайттың күрделілігіне, оның бет сандарына, қанша ақпарат қамтитынына, неше тілден құралатынына, дизайнның жеке дара ма, жоқ па, сайт басқару жүйесі қандай болуы қажеттігіне, қаншалықты тез уақытта жасалып бітуі керек, сондай-ақ тағы да басқа бірнеше факторларға байланысты. Ал, әдетте, сайттар бір-біріне ұқсас болып келетіндіктен, жобамен көрсетілген бағалар осы сайттың төменгі жағында орналасқан.

Домен дегеніміз сайттың аты, интернеттегі мекен-жайы. Хостинг дегеніміз сол сайттың орналасатын жері, интернеттегі сервер. Сіз маған тапсырыс берсеңіз, домен және хостинг менің тарапымнан бір жылға тегін беріледі. Сондықтан, сізге оның сатып алудың және онымен айналысудың қажеті жоқ.

Сіздің сайтыңызды басқару жүйесі деп WordPress, Joomla, Drupal, MODX секілді автоматтандырылған CMS жүйесін айтады. Бұл арқылы жасау сіздің сайтыңыздың өзіндік құнын екі есе арзан қылады және кейін сайтыңызды басқарып кету мен мәлімет салу жағын жеңілдетеді. Ол үшін бағдарламашы болудың қажеті жоқ. Алайда, кей жағдайларда клиенттер жеке өзіне арнап сайтты басқару жүйесін жасағанын қалайды. Ол қымбатқа шығады. Бұл кезде техникалық қолдау міндетті түрде ұсынылады. Әдетте, көп клиенттер бұл қадамға бармайды.

Иә, мен өзімнің жасаған сайттарыма техникалық қолдау көрсетемін. Тек, оған тапсырыс берсеңіз ғана. Ол айына 10 мың теңгеден басталады. Техникалық қолдау деген кезде әдетте мынадай қызметтер қаперге алынады:

— Хостинг қызметі, және оны бақылауда ұстау
— Домен тіркеу, оны хостингпен байлау, бақылауда ұстау
— Уақтылы техникалық байқау, хакерлік шабуыл мен вирус жұғудан арашалап қалу
— Пошта қызметін көрсету, бэкап қызметін жасау
— Сайтты басқару жүйесіне қатысты ақыл-кеңес беру, жол көрсету
— Сайттың функционалдық қызметін арттыру, қосымша талаптарға сәйкес жұмыс жасау және т.б.

Әрине. Алайда, ол үшін сіз менің қосымша, ақылы қызметіме тапсырыс беруіңіз керек. Ол SEO, SEM деп аталады. Бір ауыз сөзбен айтқанда, сіздің сайтыңыздың іздеу жүйелерінен көрінуі, алғашқы беттен шығуы — сайт жасатудан басқа, мүлдем басқа қызмет. Сіздің сайтыңыздың іздеу жүйелерінде дұрыс және алғашқы беттен көрінуі сайтыңыздың қаншалықты жиі жаңарады, ішіндегі мәліметтері қаншалықты уникал, сіздің сайтыңызға қанша сайт сілтеме жасайды, қанша кілтсөз шоғырланған және тағы сол сияқты бірнеше шарттарға байланысты.

Әрине. Қосымша ақыға және бір қалада болсақ, әлбетте. Алайда, көп жағдайда мен өзімнің пайдалы кеңесімді беремін. Өз өніміңізді немесе қызметіңізді қалай суретке түсуруге болады және басқа да сұрақтарға жауап беремін. Дейтұрғанмен көп жағдайда клиенттер өздерінің осыған дейінгі түсірген суреттерін алып келеді немесе интернеттен тақырыпқа сай арнайы сурет жүктеуімді сұрайды

Әрине. Қосымша ақыға келісілетін бұл жұмыстың түрі — копирайтинг деп аталады. Бұл енді өте жиі болатын жағдай. Себебі, адамдар өздері ештеңе жазғысы келмейді немес «Интернеттен көшіре салшы» деп бұйырады. Алайда, интернеттен біреудің мәтінін көшіріп алу — іздеу жүйелері үшін үлкен «күнә». Олар мұндай мәтін ұрлайтын сайттарды аса жақтыра қоймайды. Оның үстіне, қазіргі сайт қолданушылар біршама көзі ашық. Сондықтан олар бұрын басқа жерден оқыған мәтінді сіздің сайтыңыздан қайталап оқығысы келмейді. Сіздің болашақ клиенттеріңізге нақты сіздің қызметіңіз немесе өніміңіз туралы уникалды жазба, мәлімет, ақпарат қажет. Сол кезде ғана олар сіздің қызметіңізді немес өніміңізді сатып алуға келісімін береді. Осы үшін сайтты ақпаратпен толтыру кезінде салғырттыққа жол бермеген дұрыс. Әдетте, әркім өзінің саласын жақсы білетіндіктен өздері туралы ақпаратты өздері ұсынып та жатады. Бұл енді дұрыс нәрсе.

Сайттың танымалдылығын арттыру дегеніміз сайт жасатудан бөлек ұсынылатын қызмет. Басты мақсаты, сайт тұтынушыларының көзіне түсу үшін, оларды сайтқа тарту үшін, сіз ұсынатын қызмет не өнім түрін танымал ету үшін жасалатын қызмет түрі. Бұл қызметтің бағасы жеке сөйлесу арқылы шешіледі.

Сайтқа оптимизация жасау — бұл да жеке-дара қызмет. Негізгі мақсаты сайттың кодын, беттерін, мәліметтері мен ақпараттарды, басқа да сайт элементтерін арнайы іздеу жүйелері үшін немесе сайт қолданушылары үшін оптимизациялау, оңтайландыру, жетілдіру. Бұл қызмет арқылы сайттың танымалдылығын арттырып, қолданушылар көбейткен кезде олардан айрылып қалмау үшін жасалады. Бұл болмаған жағдайда сайтты ңтанымалдылығын арттыру жұмыстарына кеткен шығын мен уақыт зая кеткен болып саналады.

Сайтты алға жылжыту, дамыту — әдетте біршама күрделі жұмыс. Бұл қызмет те өзара сұқбат нәтижесінде бағаланады. Осы жұмыс барысында сайттың аудиториясына қатысты шаралар, әлеуметтік желілердегі тыныс-тіршілігі, қолданушылармен қарым-қатынас, жарнамалық ұсынылуы, сондай-ақ өзге де онлайн/офлайн әрекеттер жасалады.

Осы айтылғандардың барлығы жасалған сайттың иесі не қалайды және оған қанша бюджет бөледі, соған тікелей байланысты.

Сайт бағалары

Әрине, кез-келген интернет-сайт өз алдына ерекше жоба. Сондықтан, нақты баға жоқ. Алайда, көп жағдайда клиенттердің сұраныстары бір-біріне ұқсас болып келеді. Сол кезде жобамен осындай бағалар ұсынамын

  • Стандарт

    Жеке кәсіп үшін не сайт визитка

  • 100 000 KZTбастап жоғары
  • 5 бет
  • 500 GB орын
  • Тегін кеңес
  • -
  • -
  • -
  • -
  • -
  • Ультимат

    Интернет-каталог, күрделірек сайттар

  • 250 000 KZTбастап жоғары
  • 50 беттен асады
  • 2 GB орын
  • Тегін кеңес
  • Тегін домен
  • Жеке емайл бокс
  • -
  • -
  • -
  • Эксперт

    Интернет-дүкен, порталдар, интранет

  • 500 000 KZTбастап жоғары
  • 100 беттен астам
  • 3 GB орын
  • Тегін кеңес
  • 24/7 техқызмет
  • Жеке емайл бокс
  • Тегін домен
  • Онлайн-төлем жүйесі
  • Әлеуметтік желі парақшалары

Тапсырыс бергіңіз келе ме?: 87015371583

Ендеше дәл қазір телефон соғыңыз немесе нөмірімді жазып алыңыз